Оқу барысында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі тарапынан «Табиғат жылнамасын» жүргізу тәртібі, қорық аумағындағы жабайы жануарлар, құстар мен өсімдіктер дүниесі туралы ғылыми мәліметтер, сондай-ақ SMART құрылғысының деректерін талдау және қорытындылау нәтижелері таныстырылды.
Экологиялық ағарту бөлімі биоалуантүрлілікті қорғау, экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау және бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді пайдалану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өзара тәжірибе алмасу ұйымдастырды.
Өткізілген оқу шаралары қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға және бөлімдер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті