Тіліңізді таңдаңыз

Алматы мемлекеттік табиғи қорығында қорық қызметкерлері мен «BAYTAQ» жасыл партиясының өкілдері арасында маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау, экологиялық мәдениетті арттыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараға қорықтың табиғатты қорғау, ғылым және экологиялық ағарту бөлімдерінің мамандары қатысты. Сонымен қатар, «BAYTAQ» жасыл партиясының өкілдері қоршаған ортаны қорғау саласындағы бастамаларымен бөлісіп, табиғатты сақтауға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу аясында экологиялық акциялар, ағаш отырғызу, жастар арасында табиғатқа жанашырлықты қалыптастыру, сондай-ақ «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» сияқты республикалық бастамаларға бірлесіп қатысу мәселелері қарастырылды.