Сиверс алмасы (Malus sieversii) – Алматы қорығының ерекше табиғи байлықтарының бірі.
Сиверс алмасы әдетте сәуір–мамыр айларында гүлдейді. Ал жемістері жаздың соңы мен күздің басында, көбіне тамыз–қыркүйек айларында піседі.
Оның жемістері көлемі, түсі, дәмі мен пішіні жағынан алуан түрлі: жасыл, сары, қызғылт немесе қызыл түсті, тәтті де, қышқыл да болып кездеседі.
Сиверс алмасы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек әрі қорғауды қажет ететін өсімдік. Сондықтан оның табиғи популяцияларын сақтау, зерттеу және қорғау – Алматы қорығы мамандарының маңызды міндеттерінің бірі.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті