Тіліңізді таңдаңыз

2026 жылдың 8 мамыр күні Алматы мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлері Азат негізгі орта мектебінде экологиялық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында мектеп ауласына ағаш көшеттері отырғызылып, «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. Оқушыларға табиғатты қорғау, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді сақтау туралы ақпарат беріліп, ағаш отырғызудың экологиялық маңызы түсіндірілді.