Тіліңізді таңдаңыз

2026 жылдың 6 сәуір күні Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері №39 мектеп оқушыларымен бірлесіп, «Құстар – табиғаттың ажырамас бөлігі», «Жасыл ел – жарқын болашақ» атты экологиялық акцияларды өткізді.

Экологиялық шара барысында оқушылар қалдық заттардан 38 қызықты макеттер жасап, мектеп ішінде арнайы «ЭКО бұрыш» ұйымдастырды.

Еңбек сабағында 30 құс ұясы дайындалып, мектеп ауласына орнатылды.

Өткен жылы стақандарға отырғызылған екпе көшеттерді мектеп ауласына ашық топыраққа көшіріліп отырғызылды.

Шығармашылығымен ерекшеленген белсенді оқушылар қорық қызметкерлерінің алғыс хаттарына ие болды.