Тіліңізді таңдаңыз

? Бүгін — аңшылық шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби мерекесі.

? Олардың күнделікті қызметі жануарлар дүниесін қорғау, есепке алу және мониторинг жүргізу, браконьерліктің алдын алу, сондай-ақ аңшылық алқаптардағы табиғи тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.

? Бұл жұмыстың едәуір бөлігі елді мекендерден шалғай аумақтарда — дала мен орманда өтеді. Ұзақ бағыттар, ауа райына қарамастан жүргізілетін рейдтер мен тұрақты бақылау — осы мамандықтың ажырамас бөлігі.

? Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген барша маманды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, табиғатымыз бен жануарлар дүниесін қорғау жолындағы жауапты қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз!

Image 11 09 26 09 36 1
Image 11 09 26 09 36 2
Image 11 09 26 09 36