Тіліңізді таңдаңыз

2025 жылдың қазан айының 1-і күні қорықтың 4 бөлімі — табиғат кешендері мен нысандарын қорғау бөлімі, ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі, экологиялық ағарту бөлімі және есеп бөлімі 2025 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Әр бөлім өз бағытындағы маңызды көрсеткіштерді, жүзеге асқан жобалар мен алдағы жоспарларды таныстырды. Ғылым бөлімі мониторинг нәтижелері мен фототұзақтар арқылы анықталған деректермен бөліссе, экологиялық ағарту бөлімі өткізілген іс шаралар мен ағартушылық жұмыстар жөнінде баяндады. Қорғау бөлімі аумақты күзету, рейдтік жұмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары жайлы мәлімет берді. Ал есеп бөлімі қаржылық көрсеткіштер мен жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысын ұсынды.

Есептік кездесу ұжым арасында тәжірибе алмасуға, бөлімдер арасындағы өзара байланысты нығайтуға және алдағы кезеңге нақты міндеттерді айқындауға бағытталды.

9bb7a3ce 6526 4cbd Bb54 035377371feb
IMG 9149