Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері shymbulakoutdoor ұйымдастыруымен өткен Алматы тауларындағы қауіпсіздікке арналған шараға қатысты.
Кездесуде Алматы тауларындағы төтенше жағдайлар, таулы аудандардағы қыста болатын табиғи қатерлер, таудағы лашықтармен бақылау-құтқару пункттері, т.б. тақырыптар талқыланды. Шараның амбассадорлары Анар Бурашева — Эверест шыңына шыққан тарихтағы алғашқы қазақ қызы және Максут Жумаев—әлемдегі барлық 14 сегізмыңдықты 27-ші бағындырушы және барлық ұлы шыңдарға қосымша оттегі қолданбай шыға алған 12-ші альпинист өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу жоғары деңгейде өтті.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті