Тіліңізді таңдаңыз

2026 жылы қазан айының 03-ші күні Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Қуантыров Әлібек Сәкенұлы жұмыс сапары барысында Алматы мемлекеттік табиғи қорығына келді.

Сапар аясында министр қорық ұжымымен кездесіп, табиғатты қорғау, ғылыми-зерттеу және экологиялық ағарту бағытындағы жұмыстармен танысты. Қорық қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, бөлімдердің атқарып жатқан жұмыстары таныстырылды.

Министр Табиғат мұражайын аралап, Солтүстік Тянь-Шаньның биоалуантүрлілігін көрсететін экспозицияларды тамашалады. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударып, өртке қарсы техника мен құрал-жабдықтардың жай-күйімен танысты.

Image 08 10 26 08 15
Image 08 10 26 08 15
Image 08 10 26 08 15 3
Image 08 10 26 08 15 1
Image 08 10 26 08 15 2
Image 08 10 26 08 15 4