Тіліңізді таңдаңыз

2025 жылдың 29 наурызында экология ағарту бөлімінің қызметкерлері «Таза Like»?бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ»? экологиялық акциясын ұйымдастырды.

Экологиялық акцияның басты мақсаты – табиғатқа деген қамқорлықты арттыру, су көздерін қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қорық қызметкерлері бұлақ көздерін ашып, тазарту жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадамдар жасады.