Тіліңізді таңдаңыз

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2026 жылғы 22 маусымдағы №27-07-11/1668-И телефонограммасына сәйкес, Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында өрт қауіптілігінің жоғары және төтенше деңгейіне (IV–V сынып) байланысты күшейтілген түсіндіру-насихат жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік инспекторлар тұрғындар мен келушілерге табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, орман өрттеріне жол бермеу және табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы ақпараттық жадынамалар мен өрт қауіпсіздігіне арналған үнпарақтарды таратты.

Орманда от жақпауға, темекі тұқылын тастамауға, қоқыс қалдырмауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Image 25 06 26 06 12
Image 25 06 26 06 12
Image 25 06 26 06 12 2
Image 25 06 26 06 12 3
Image 25 06 26 06 12 1