2026 жылдың наурыз айының 2 күні Алматы мемлекеттік табиғи қорығы №45 мектеп-гимназиясында өткен «Табиғи қалдықтардың екінші өмірі» атты экологиялық жобаға қатысып, белсенді оқушыларды марапаттады.
Жоба барысында оқушылар өз қолдарымен түрлі тұрмыстық қалдықтардан табиғи өнімдер мен бұйымдар жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ұсынылған жұмыстар ерекше идеяларымен, ұқыптылығымен және қоршаған ортаға деген жанашыр көзқарасымен ерекшеленді.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға және экологиялық ойлау қабілетін дамытуға бағытталды.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті