Тіліңізді таңдаңыз

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылған «Таза өзен жағалауы» экологиялық акциясы шеңберінде ауқымды іс шара өтті.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері №15 және №23 жалпы білім беретін орта мектептердің ұстаздары мен оқушыларымен бірлесіп, өзен жағалауын тазарту жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға 200-ге жуық оқушы мен ұстаз қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Нәтижесінде 1 гектар аумақ тазартылып, 1 тоннаға жуық қоқыс жиналды.