🎯 Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- креативтілік пен көркемдік қабілеттерді дамыту
- экологиялық мәдениетті қалыптастыру
- бастамашылдық пен өзін-өзі көрсетуге қолдау көрсету
- қоршаған ортаның ластану мәселесіне назар аударту
🏢 Ұйымдастырушы:
- Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
- Ұйымдастырушы байқауды өткізуді қамтамасыз етеді, қазылар алқасын құрады және қорытындысын шығарады 🏆.
👥 Қатысушылар:
- Байқауға мектеп оқушылары мен студенттер қатыса алады
- Қатысушылардың жасы: 10–17 жас
📎 Қатысу шарттары:
- Қатысушылар өз қолымен жасалған шоперді ұсынады
- Кез келген материалдарды пайдалануға болады (мата, декор, кесте, бояу және т.б.)
- Жұмыс бірегей және қатысушының өз қолымен жасалған болуы тиіс
- Әр қатысушыдан бір ғана жұмыс қабылданады
⭐ Бағалау критерийлері:
- идеяның ерекшелігі
- орындалу сапасы
- эстетикалық көрінісі
- материалдардың экологиялық тазалығы
- бұйымның практикалық маңыздылығы
📅 Өткізу мерзімі:
Жұмыстарды қабылдау: 20.04.2026 ж. – 20.05.2026 ж.
🏆 Қорытынды шығару және марапаттау:
05.06.2026 ж.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті