Тіліңізді таңдаңыз

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының Табиғат мұражайында балаларға арналған арнайы экскурсия өтті.

Экскурсия барысында жас қатысушылар қорықтың бай табиғи мұрасымен танысып, Солтүстік Тянь-Шаньның ерекше флорасы мен фаунасы туралы қызықты мәліметтер алды. Мұражай экспозициялары арқылы сирек кездесетін жануарлар мен құстар, өсімдіктер дүниесі, сондай-ақ қорықтың құрылу тарихы мен табиғатты қорғау бағытындағы қызметі кеңінен таныстырылды.

Іс-шараның мақсаты – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық білімдерін кеңейту. Экскурсия барысында балалар белсенді түрде сұрақтар қойып, табиғатты қорғаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.