Тіліңізді таңдаңыз

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері «Тамаша жай» шипажайы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Экологиялық акция барысында аумақтағы тұрмыстық қалдықтар жиналып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар атқарылды.

Игі бастамаға «Тамаша жай» шипажайының қызметкерлері де белсенді атсалысып, аумақты тазарту жұмыстарына өз үлестерін қосты.