Тіліңізді таңдаңыз

2026 жылдың наурыз айының 12сі күні Алматы мемлекеттік табиғи қорығының кеңсесінде Аумақтық инспекция өкілінің қатысуымен мемлекеттік инспекторларды аттестациялау және өрт қауіпті маусымына дайындық жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында инспекторлардың кәсіби біліктілігі мен табиғатты қорғау саласындағы дайындық деңгейі тексерілді. Сонымен қатар өрт қауіпті маусымына байланысты қауіпсіздік талаптары, өрттің алдын алу шаралары және төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібі талқыланды.