Тіліңізді таңдаңыз

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлері №32 мектептің оқушылары және ұстаздарымен бірлесе отырып, «Құстарды қорғайық – табиғатты сақтайық» атты экологиялық акция өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар құстарға қамқорлық танытып, өз қолдарымен дайындалған құс ұяларын мектеп ауласы мен ағаштарға орнатты.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары құстар тақырыбында өлең жолдарын мәнерлеп оқып, табиғатты аялауға үндейтін концерттік бағдарламалар ұйымдастырды.

Әсем әндер мен тәрбиелік қойылымдар арқылы балалар табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ерекше жеткізе білді.