Тіліңізді таңдаңыз

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының орталық кеңсесінде жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік инспекторлық құраммен кешенді оқу-әдістемелік және тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, ормандарда өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактілері бойынша әкімшілік хаттамаларды заң талаптарына сәйкес рәсімдеу тәртібі түсіндіріліп, құжаттарды дұрыс толтыру, құқықбұзушылықты тіркеу және дәлелдемелік материалдарды жинақтау бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

Сонымен қатар орман өрттерінің алдын алу және оларды жедел сөндіру тәсілдері бойынша теориялық оқыту жұмыстары жүргізілді. Өртті ерте анықтау, қауіпсіздік техникасын сақтау, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану, байланыс пен өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталды.