Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орай сіздерді Қазақстандағы Алматы биосфералық қорығының фототұзақтарға түсіп қалған жабайы жануарларымен таныстырамыз.
Қорық Іле Алатауы жотасында орналасқан. Оның табиғаты тау көлдері, өзен алаптары мен жабайы жеміс ормандарынан құралған ерекше табиғи кешенді құрайды.
Фототұзақтар зерттеушілерге жануарлардың қалыпты тіршілігіне барынша аз кедергі келтіре отырып, жабайы табиғатты бақылауға, жануарлар түрлері мен олардың мінез-құлқын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.
Қорықты мекендейтін жануарлардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қар барысы, Тянь-Шань қоңыр аюы, Түркістан сілеусіні және тас сусары, сондай-ақ қорғауға алынған құстардың 12 түрі, соның ішінде бүркіт пен сақалтай бар.
@almaty.bioreserve — ЮНЕСКО-ның 797 биосфералық резерватының бірі. Биосфералық резерваттар биоалуантүрлілікті сақтау мен тұрақты дамуды қамтамасыз ететін, адам мен табиғаттың үйлесімді байланысын нығайтатын маңызды аумақтар болып табылады.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті