Уақыт өзгереді, ұрпақ алмасады. Алайда табиғатты қорғау жолындағы жауапкершілік пен адал қызмет өз жалғасын табуда.
Бұл суреттерде — Алматы мемлекеттік табиғи қорығының мемлекеттік инспекторларының бұрынғы және қазіргі буыны. Бірі — тарих бетінде қалған қажырлы еңбектің куәсі болса, екіншісі — сол игі істі бүгінгі күні абыроймен жалғастырып келе жатқан мамандар.
Мемлекеттік инспекторлардың күнделікті қызметі — қорық аумағын қорғау, табиғи кешендердің тұтастығын сақтау, заң бұзушылықтардың алдын алу және табиғат байлығын келер ұрпаққа аман жеткізу.
Жылдар сөйлейді, тарих жалғасады…
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті