Алматы қорығының ірі шатқалдарына орнатылған фототұзақтарға қар барысының аландары түскен мәліметтері жиналды. Сирек кездесетін бұл кадрлар – табиғаттың тылсым тіршілігінен сыр шертетін ерекше сәттер.
Аландар бір-бірімен алаңсыз ойнап, анасының қимылын қайталап, аңшылыққа қажет дағдыларды үйренеді. Осы арқылы болашақта өз бетімен жеке тіршілік етуге бейімделеді.
Ілбіс немесе қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, саны азайып бара жатқан жыртқыш. Оның аландарымен бірге фототұзаққа түсуі – қорық аумағында жабайы табиғи ортаның сақталғанын және жануарларға қолайлы жағдай бар екенін көрсетеді
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті