Алматы мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері «Кең Жүрек» қоғамдық қорының ерекше қажеттіліктері бар балаларына қорық аумағында танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында балалар қорықтың әсем табиғатымен танысып, таулы өлкенің өсімдіктері мен жануарлар дүниесі, табиғатты қорғаудың маңызы туралы қызықты мәліметтер алды. Табиғат аясындағы серуен балаларға жағымды әсер сыйлап, қоршаған ортаны жақынырақ танып-білуге мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, «Ерекше баланың әрбір жетістігі – үлкен еңбектің нәтижесі». Бұл жолда тек баланың өзіне ғана емес, оның отбасына да жүйелі қолдау көрсету аса маңызды.
Әрбір бала табиғаттың сұлулығын сезінуге, жаңа әсер алуға, қоршаған ортаны танып-білуге тең дәрежеде құқылы. Сондықтан ерекше балаларға қолдау көрсетіп, оларды табиғаттың көрікті жерлерімен таныстыру, экологиялық танымын кеңейту және көтеріңкі көңіл күй сыйлау – маңызды әрі игілікті іс.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті