Қар барысын, сілеусінді немесе басқа да сирек кездесетін жануарларды табиғи мекенінде көру – үлкен сәттілік. Ал фототұзақтардың көмегімен ғалымдар жануарлардың табиғи тіршілік ортасын бұзбай-ақ олардың өмірін бақылауға мүмкіндік алады.
Фототұзақтар – биоалуантүрлілікті мониторингтеудің ең тиімді құралдарының бірі. Олар жануарлардың белгілі бір аумақта кездесетінін тіркеуге, мінез-құлқын зерттеуге, қозғалыс бағыттарын анықтауға және экожүйелердің жай-күйін бағалауға көмектеседі.
ЮНЕСКО-ның биосфералық қорықтарында мұндай камералар табиғатты ұзақ мерзімді бақылауда маңызды рөл атқарады. Олар сирек кездесетін түрлер мен олардың мекен ету ортасын сақтауға бағытталған ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Карусельді парақтап, фототұзақтардың қалай жұмыс істейтінін және табиғатты қорғауда әрбір кадрдың неліктен маңызды екенін біле аласыз.
Фото және бейнематериалдар 2020 жылы ЮНЕСКО-ның биосфералық қорықтары желісіне енген Алматы мемлекеттік табиғи қорығында дайындалды.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті