Тіліңізді таңдаңыз

Брифинг барысында Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшылары және сала мамандары орман қорын сақтау, табиғи өрттердің алдын алу және өрт қауіпті кезеңде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында табиғи өрттердің 90%-ға жуығы адам факторынан болатыны атап өтілді. Осыған байланысты тұрғындар мен демалушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Сонымен қатар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда бірегей табиғи кешендерді сақтау, алдын алу іс-шараларын күшейту, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және өрт қауіпті маусымдағы дайындық жұмыстары жөнінде баяндалды.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, орман мен табиғатты бірге қорғайық!