Тіліңізді таңдаңыз

Спикерлеріміз таудың қауіп-қатері жоғары орта екенін және онда міндетті түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін еске салды. Сондай-ақ қатысушылар үшін Апаттар медицинасы орталығы мен Алматы қаласының Құтқару қызметі мамандарының қатысуымен шина салу, қан кету кезінде таңғыш қою және зардап шегушіні тасымалдау тәсілдері бойынша тәжірибелік шеберлік сабақтары өткізілді.

Іс-шараға Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, Алматы мемлекеттік табиғи қорығының, Альпинизм федерациясының, Спорттық туризм федерациясының және Outdoor Center Almaty ұйымының өкілдері де қатысты.

Бізді қолдап, таудағы қауіпсіздік тақырыбын жан-жақты ашуға үлес қосқан барлық серіктестерімізге, сондай-ақ қызығушылық танытып, жауапкершілік көрсеткен барлық қонақтарға алғысымызды білдіреміз.

Тауда қауіпсіз жүріңіздер!

Image 24 06 26 08 29 3
Image 24 06 26 08 29
Image 24 06 26 08 29 2
Image 24 06 26 08 29 1