Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясы @baytaq_jasyldar_partiyasy мен Аңшылар мен балықшылардың «AYALA» Ұлттық палатасы @ayalaulttyqpalatasy ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамытуға арналған «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАБИҒАТ – ҰЛТТЫҚ МҰРА» республикалық сараптамалық дөңгелек үстелдер циклдін аясында 2026 жылы 24 шілдеде Алматы мемлекеттік табиғи қорығыда @almaty.bioreserve «Қорық ғылымы – табиғатты сақтаудың негізі» атты алғашқы республикалық сараптамалық дөңгелек үстел өтті.
Жоба ұлттық парктер, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік табиғи резерваттар қызметкерлері, ғылыми ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері арасындағы кәсіби диалогты дамытуға бағытталған.
Іс-шара табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және сала мамандарының тәжірибе алмасуына арналған маңызды алаңға айналды.
Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар:
? биоалуантүрлілікті сақтау;
? ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту;
? табиғат қорғау қызметінің өзекті мәселелері;
? мемлекеттік инспекторлардың практикалық тәжірибесі;
? ғылыми мониторинг пен ғылыми зерттеулер;
? браконьерлікпен күрес;
? экологиялық ағарту жұмыстарын күшейту;
? аңшылық және балық шаруашылығын орнықты дамыту;
? табиғат қорғау заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Табиғат – ұлттық мұра, оны сақтау – болашақ алдындағы жауапкершілігіміз.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті