Тіліңізді таңдаңыз

2026 жылдың 13 сәуір күні Алматы қорығының экологиялық ағарту бөлімі №17 мектеп оқушыларымен бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы және құстардың табиғаттағы маңызы тақырыбындағы акция аясында тағылымды іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында оқушылар 2025 жылы арнайы отырғызылып, күтіп-бапталған көшеттерді мектеп ауласының ашық топырағына қайта отырғызды.

Бұл игі іс жасыл желекті көбейтіп қана қоймай, оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруға үлкен үлес қосты.

Сонымен қатар, балалар құстарға қамқорлық танытып, өз қолдарымен дайындалған құс ұяларын ағаштарға іліп, құстарға қолайлы орта қалыптастыруға атсалысты.