Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, 2026 жылы Қазақстанды алдағы үш жыл ішінде толыққанды цифрлық елге айналдыру стратегиялық міндеті қойылды. Осы тапсырманы жүзеге асыру аясында Алматы мемлекеттік табиғи қорығында аумақтың цифрлық картасы әзірленді.
Цифрлық карта қорық аумағын басқарудың тиімділігін арттыруға және табиғи кешендерді қорғау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Цифрлық картаның артықшылықтары:
• аумақ шекаралары мен табиғи нысандарды дәл анықтау
• қызметкерлер, туристер және альпинистер үшін ыңғайлы навигация
• экожүйелердің жай-күйін жедел мониторингтеу мүмкіндігі
• қорық аумағындағы маршруттар мен учаскелер туралы ақпаратқа жедел қол жеткізу
Алдағы жоспарлар:
Болашақта жүргізілетін инвентаризациядан кейін Сиверс алмасының ағаштарын цифрландыру жоспарлануда.
Толығырақ ақпарат пен интерактивті картаны келесі сілтеме арқылы көре аласыз: https://golnk.ru/3eDzR
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті