Қорығымыздағы жабайы табиғи байлықтар жиынтығы ғылыми негізде зерттеліп, толықтай есепке алынған. Жануарлар әлемі 1124 түрден тұрады, олардың 41 сүтқоректілер, 177 құстар, 5 бауырымен жорғалаушылар, 1 қосмекенділер және 900 астам жәндіктер. Қорықта орта – азиялық таулы түрлер басым, соның ішінде кейбір таулы жерлерге тән эндемикалық түрлер кездеседі. Қорық шекарасында Шелек өзенінде үш балық: Штраух талма балығы, қабыршақсыз және қабыршақты көкбас балықтар мекендейді.
Сүтқоректілер
Қорықта сүтқоректілердің 6 отряд 16 тұқымдас 34 туыстан тұратын 41 түрі бар. Қазақстанның Қызыл кітабына сүтқоректілердің 4 түрі енгізілген: Тяньшань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus), Түркістан сілеусіні (Lynx lynx), Тас сусары (Martes foina), ілбіс (Panthera uncia Shreber) Халықаралық табиғат қорғау одағының (IUCN) ғаламдық жойылып бара жатқан түрлер тізіміне енгізілген.
Құстар
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында құстардың 177 түрі кездесетіні тіркелген, оның ішінде 103 ұя салады. Бұл құстар түрлері 18 отрядқа 47 тұқымдасқа 112 туысқа топтастырылған. Табиғи қорық аумағында ұя салатын құстар түрлері қорық аумағында кездесетін барлық құс түрлерінің 63,8 пайызын құрайды. Қорық аумағында 3 ғаламдық қауіп төнген Орта Азиялық түрлер (тазқара – Aegypius monachus, шәукілдек – Crex crex, көкқарға – Сoracias garrulus) IUCN (МСОП) «қызыл тізіміне» енген, ғаламдық жойылып кету қауіпі төнген Bird Life International-ды құраушы түрлер. ҚР Қазақстанның Қызыл кітабына 12 түрі енгізілген: қара дегелек (Ciconia nigra), бақалтақ қыран (Hieraaetus pennatus), бүркіт (Aguila chrusaetus), сақалтай (Gypaetus barbatus), құмай (Gyps himalayensis), бидайық (Falco pelegrinoides), лашын (Falco peredinus), орақтұмсық (Ibidorhuncha struthersii), үкі (Bubo bubo), көкқұс (Muophonus caeruleus), сұр тырна (Grus grus), ақбас тырна (Anthropoides vigro).
Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар
Қорықта бауырымен жорғалаушылардың (Reptilia) 5 түрі, қосмекенділердің (Amphibia) 1 түрі - жасыл көлбақа (Bufo viridis) кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан: алай жалаңкөзі (Ablepharus alaicus), кәдімгі қалқан тұмсық жылан (Agkistrodon halys), шұбар жылан (Elaphe dione) жиі, кәдімгі сарыбасжылан (Natrix natrix) мен кәдімгі сұржылан (Vipera berus) сирек кездеседі.
Жәндіктер
Омыртқасыз жануарлардың түр саны белгісіз, бірақ алуан түрлі әрі көп екені сөзсіз: қазіргі уақытқа дейін 8 кластың 2000-дай түрі анықталды. Қорыққа кірген кезде ең алғаш көзге түсетіндер ашық түсті күндізгі көбелектер, олар ең ірі желкендерден ұсақ көгілдір көбелектерге дейін, мұнда олардың 135 түрінен кем кездеспейді. Бірен-саран кейбір басқа насеком топтары анықталған. Қоңыздар отрядынан барылдауық қоңыздың 252 түрі, жапырақ жегіштердің 102 түрі, жарғаққанаттылардан: жабайы бал аралардың 110 түрі және құмырсқаның 33 түрі, қазғыш аралардың 97 түрі, анықталған. Қорық территориясында насекомның 6 мыңнан астам түрі кездеседі деген болжауды сеніммен айтуға болады. Осы көптүрліліктің Қазақстанның Қызыл кітабына тек 11 түрі ғана енгізілген. Басқа омыртқасыздардан қызылкітаптық түрлерге 4 бауыраяқты құрлық маллюскалары жатады. Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына 11 түрі енгізілген: Бұрандалы брадибена (Bradybaena sinistrorza), Шнитников псеудонапсусы (Pseudonapaepus schnitnikovi), Түркістан туркомилаксы (Turcomilax turkestanus ), Цветков туркомилаксы (Turcomilax tzvetkovi ), Булавобрюх елеулі (Cordulegaster insignis), Дала шегірткесі (Saga pedo), Семенов барылдауық (Callisthenes semenovi), Үлкен тамыржегіш (Dorcadion grande), Екінүктелі қанқызы (Chilocorus bipustulatus), Бедромиус көбелегі (Parnassius boedromius), Патриций көбелегі (Parnassius patricius).
Өсімдіктер әлемі
Алматы қорығындағы өсімдіктер әлемі 1440 түрді құрайды, оның 960 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктер, 480 түрі төменгі сатыдағы өсімдіктер мен саңырауқұлақтар. Осылардың ішіндегі 14 түр көне, 18 түр эндемик. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 29 түрі және саңырауқұлақтардың 1 түрі ҚР Қызыл кітабына енгізілген.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Қорықта саңырауқұлақтардың 200 түрі; 46 туыс, 24 тұқымдас және 10 тәртіпке жатқызылған жапырақты-сабақты мүктердің 80 түрі және 16 тұқымдастарға бөлінген 29 туысқа жататын қыналардың 200 түрі анықталды.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер. Қорық аумағында 960 түр тіркелген, олар 415 туысқа және 85 тұқымдасқа жатады. Ең көп түрлерге бай тұқымдастар: Күрделігүлділер (Asteraceae), Қоңырбастар (Poaceae), Раушангүлділер (Rosaceae), Бұршақтар (Fabaceae), Сарғалдақтар (Ranunculaceae).
Қорықтың аумағында ағаштардың 14, бұталардың 64, бұташалардың 3, жартылай бұталардың 5, лиандардың 3, біржылдық өсімдіктердің 102, екі жылдық шөптесін өсімдіктердің 47, көпжылдық шөптесін өсімдіктердің 722 түрі өседі.
Қорықтың тар эндемикасы - Ирис Альберта (Iris albertii), Мушкетовтың бұйралауы (Atraphaxis muschketowii), алматылық остролодочник (Oxytropis almaatensis), мұздық ақжелкен (Pastinacopsis glacialis)), Құмбел сұңқары (Hieracium kumbelicum) және басқа реликтілер - Мушкетовтың бұйралауы (Atraphaxis muschketowii), Алтын Адонис (Adonis chrysocyathus), Семеновтың қыртысы (Corydalis semenovii), оралған соссюрея (Saussurea involucrate).
Қорық аумағында 42 түрлі жеміс – жидекті өсімдіктер өседі. Олар 5 тұқымдасқа 15 туысқа жатады. Олардың ішінде ағаштардың - 10, бұталардың – 29, шөптесін өсімдіктердің – 3 түрі кездеседі. Ағаштектес өсімдіктердің ішінде әлемдік тұрғыда генетикалық маңызы зор түрлерге жабайы түрде өсетін әрі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген Сиверс алмасы - Malus sieversii (Ledeb.) M.Roem. мен Недзвецкий алмасы - Malus niedzwetzkyanaDieck жатады. Сиверс алмасының саны күрт азайып бара жатқан түрге жатады, сонымен қатар Недзвецкий алмасы да саны азайған жойылып кету қауіпі төнген әрі эндемикті, әрі өте сирек кездесетін түрге жатады. Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында өсетін жабайы кәдімгі өрікте (Armenica vulgaris) таралу аумағы тарылып келе жатқан өсімдіктердің сирек түрлерінің қатарына жатады.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының жапырақты орманның негізгі формаларының бірі - жабайы алма. Эндемик түрі Тянь-Шань шетені (Sorbus tianschanica) Солтүстік беткейлердің микрорельеф қатпарларында қопалар түзеді. Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында өсетін 3 түрлі долананың бірі – алматы доланасы ( Crataegus almaatensis) эндемик түрдің қатарына жатады. Өзен арнасына жақын жерлерде қарақаттардың Мейер, Янчевский, түрлі түкті және тасты қарақат деген бұталы түрлері өседі. Қорықтың аумағында өсетін шағын аумақтарда ғана таралған, эндемикті түрлерге – Альберт құртқашашы (Iris albertii), Мушкетов түйесіңірі (Atraphaxis muschketowii), Алматы кекіресі (Oxytropis almaatensis), мұз пастернакопсисі (Pastinacopsis glacialis), Семенов еменжапырағы (Cortusa semenovii), Алатау бөденешөбі (Veronica alatavica), Алматы ақ жапырағы (Jurinea almaatensis), құмбел саршатыры (Hieracium kumbelicum) жатады.
Қорықтағы көне түрлерге Мушкетов түйесеңгірі (Atraphaxis muschketowii), алтын түсті жанаргүл (Adonis chrysocyathus), Семенов айдаршөбі (Corydalis semenovii), орамалы шұбаршөп (Saussurea involucrate) жатады.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті