Алматы мемлекеттік табиғи қорығының директоры Әбілғаниев Дарын Бақытжанұлы, директордың ғылыми іс жөніндегі орынбасары Нұрахметов Ерболат Серікұлы және экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Биғазинова Жанерке Жанболатқызы Нархоз университетінде экология мамандығы бойынша білім алып жатқан 3-курс студенттеріне арналған мазмұнды әрі тағылымы мол ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында Елбасымыздың жолдауында айқындалған «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы кеңінен түсіндіріліп, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың бүгінгі қоғам үшін қаншалықты өзекті екені айтылды.
Студенттер экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бағытында көптеген жаңа әрі пайдалы мәліметтер алды. Сонымен қатар, Алматы қорығының қызметі, биоалуантүрлілікті сақтау жолындағы жұмыстары мен экологиялық ағарту іс-шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Осындай кездесулер болашақ эколог мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, ел болашағына деген жауапкершілігін нығайта түседі.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті