Тіліңізді таңдаңыз

18 мамыр күні Алматы мемлекеттік табиғи қорығында Халықаралық мұражайлар күніне орай «Мұражай түні» іс-шарасы өтті.

Іс-шараға 1500-ге жуық қонақ қатысып, келушілер табиғат мұражайын еркін аралап, қорық аумағындағы жануарлар, өсімдіктер мен құстар әлемімен танысты.

Сонымен қатар, кеш барысында Swap Party ұйымдастырылып, қонақтар өзара заттармен еркін алмасып, сыйға тартты.

Жәндітерге арналған үйшіктер жасау бойынша шеберлік сағаты өткізіліп, кешкі уақытта жануарлар әлемі жайлы фильм көрсетілді.

Табиғат пен мәдениетті тоғыстырған ерекше кеш әсерге толы болды!