Тіліңізді таңдаңыз

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев қатысты.

Мерейтой аясында арнайы марапаттау рәсімін өткізіп, Ақсу шатқалындағы көру алаңының ашылу салтанатына куә болды. Сондай-ақ қорық ұжымын айтулы мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ұжымыда Ақсу-Жабағылы қорығын 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

Ғасырлық тарихы бар қорықтың абыройы асқақтап, табиғатты қорғау жолындағы еңбектері еселене берсін!