Алматы мемлекеттік табиғи қорығының құрылғанына 95 жыл толуына орай табиғатты қорғау, орман шаруашылығын дамыту және биологиялық алуантүрлілікті сақтау саласында адал еңбек етіп жүрген қорық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төсбелгілерімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
«Биоалуантүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» І дәрежелі төсбелгісімен:
- Самсыбаев Еділ Мұсаханұлы.
«Биоалуантүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ІІ дәрежелі төсбелгісімен:
- Вакуленко Григорий Григорьевич.
«Биоалуантүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ІІІ дәрежелі төсбелгісімен:
- Шалғынбаев Асқар Бөшенұлы;
- Мырзабаева Ләззат Әлиакбарқызы.
Құрмет грамотасымен:
- Марлан Нұрлан Жарылқасынұлы;
- Баисов Бекежан Қасымбайұлы;
- Чеусов Александр Владимирович.
Алғыс хатпен:
- Қожабеков Берік Нұрғұдырұлы;
- Әбілдаева Ұлпан Уәлиханқызы.
Бұл марапаттар – қызметкерлеріміздің көпжылдық қажырлы еңбегіне, кәсіби шеберлігіне және еліміздің табиғи мұрасын сақтауға қосқан үлесіне берілген жоғары баға.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті