Тіліңізді таңдаңыз

2025 жылдың 27 наурызында Алматы қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері

Оң Талғар шатқалында көктемнің алғашқы гүлдерін зерттеу бойынша далалық жұмыстар жүргізді. Мониторинг барысында Қызыл кітапқа енген Иридодиктиум Колпаковский (лат. Iridodictyum kolpakowskianum) өсімдігі анықталды, бұл – құртқашаштар тұқымдасының өкілі. Бұл эндемик Орталық Азия аймақтарында кең таралған және биіктігі 10-25 см-ге дейін жетеді. Иридодиктиум мол гүлдеу үшін күн жақсы түсетін, су тұрып қалмайтын құрғақ топырақты жерлерді ұнатады. Көктемнің басында, табиғат қысқы ұйқыдан енді ояна бастаған кезде гүлдей отырып, жарқырап кулпырған гүлдері әлі оянбаған өсімдіктердің арасында жылу мен жаңарудың алғашқы және көптен күткен хабаршыларының біріне айналады. Алматы қорығында Қызыл кітапқа енген бұл өсімдіктің өсуі оның экожүйесінің жақсы жағдайда екенін және флораның бірегейлігінің сақталғанын білдіреді.

24CB6BC4 F913 4ABC BE05 FCE37E06BA20
C5bb5d66 A71d 43dc A843 C0ee0e2e0f54
21B2D6E0 D79C 4DB4 8E38 E36DC3FBA151