Тіліңізді таңдаңыз

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен, «BAYTAQ» партиясы және «Aiya Smart» ақылды балалар орталығымен бірлесіп «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өткізілді.

Акцияның басты мақсаты – табиғи су көздерін қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында бұлақ көздерін ашу жұмыстары жүргізіліп, өзен жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, табиғатты аялау мен су ресурстарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.