Тіліңізді таңдаңыз

«Парктер шеруі – 2026» экологиялық акциясының жабылу салтанаты Алматы мемлекеттік табиғи қорығы ұйымдастыруымен, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, Қоршаған ортаны қорғак күні және Book Fest кітап алмасу фестивалі аясында жоғары деңгейде өтті.

Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Талғар ауданы әкімдігінің өкілдері, Талғар аудандық мәдениет бөлімі, Айя Smart ақылды балалар орталығы сондай-ақ Dayana Tattileri және Qazaq Bake компаниялары қатысты.

2026 жылдың басынан бері қорық аумағында ауқымды жұмыстар атқарылып, түрлі экологиялық акциялар, сенбіліктер, ағаш отырғызу шаралары, танымдық көрмелер мен ашық сабақтар ұйымдастырылды. Бұл шаралар табиғатқа деген жауапкершілікті арттырып, қоғамның экология саласына қызығушылығын оятуға зор үлес қосты.

Аталған жетістіктер – азаматтардың табиғатты қорғау ісіне белсенді атсалысуының айқын дәлелі. Іс-шара соңында экологиялық акцияға белсенді қатысқан азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

Акцияның жүзеге асуына үлес қосқан барша табиғат қорғаушыларына шынайы алғысымызды білдіреміз!