Тіліңізді таңдаңыз

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы экологиялық ағарту бөлімінің мамандары Ю.А.Гагарин атындағы №8 мектеп-гимназиясы оқушыларымен бірлесіп, Шренк шыршасының тұқымдарын отырғызу іс-шарасын ұйымдастырды.

Акция барысында қатысушыларға Шренк шыршасының табиғаттағы рөлі мен маңызы түсіндіріліп, тұқымды дұрыс отырғызу және күтіп-баптау тәсілдері көрсетілді.

Нәтижесінде ондаған стақанға шырша тұқымы себіліп, болашақ жасыл желекке алғашқы қадам жасалды. Бұл игі бастама табиғатты аялауға үндеп, «Таза Қазақстан» идеясын нақты іспен қолдаудың жарқын үлгісіне айналды.