Алматы мемлекеттік табиғи қорығының директоры Әбілғаниев Дарын Бақытжанұлы және экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Биғазинова Жанерке Жанболатқызы Талғар политехникалық колледжінің студенттеріне арналған мазмұнды әрі тағылымы мол ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында Елбасымыздың жолдауында айқындалған «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы кеңінен түсіндіріліп, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың бүгінгі қоғам үшін қаншалықты өзекті екені айтылды.
Студенттер экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бағытында көптеген жаңа әрі пайдалы мәліметтер алды. Сонымен қатар, Алматы қорығының қызметі, биоалуантүрлілікті сақтау жолындағы жұмыстары мен экологиялық ағарту іс-шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті