Тіліңізді таңдаңыз

Талғар ауданы, Талғар қаласындағы тарихи маңызы зор Талхиз қалашығы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті «Таза бейсенбі» тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Тазалық жұмыстарына  Алматы қорығы қызметкерлері, белсенді жастар, қала тұрғындары және басқада мекеме қызметкерлері атсалысып, туған жердің көркеюіне бағытталған игі іске жұмыла қатысты.

Табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жанашырлық таныту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Таза әрі көрікті қоршаған орта – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.