Тіліңізді таңдаңыз

2026 жылдың 21 мамыр күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза Бейсенбі» тазалық шарасы Талғар ауданына қарасты Алатау ауылдық округінің Береке және Орман ауылдары аумағында өткізілді.

Іс-шара барысында аумақтар қоқыстан тазартылып, қоршаған ортаның тазалығы мен табиғаттың көркеюіне ерекше көңіл бөлінді.

Тазалық жұмыстарына қорық қызметкерлері, жастар, еріктілер және ауыл тұрғындары белсенді қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.