Талғар қаласындағы облыстық мектеп-интернаты мен Алматы мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту бөлімінің мамандары бірлесіп ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл ұрпақ (Green Generation)» атты тағылымды жоба өтті.
Іс-шара барысында оқушылар өз қолдарымен экологиялық тақырыпта 10 түрлі макет дайындап, қазіргі таңда өзекті болып отырған экологиялық мәселелерді талқылады. Табиғатты қорғау, қоқысты сұрыптау, су мен орман ресурстарын ұтымды пайдалану бағытында өз ойларын ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Жобаның қорытынды кезеңінде үздік деп танылған эко-макеттер арнайы іріктелді. Жеңімпаздарды Алматы мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері бағалап, мадақтамалармен марапаттады.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті