Бүкіл әлемде 1 маусым - Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, халықаралық мейрамдардың бірі болып саналады.
- Толығырық
- Автор: Super User
- Көру саны: 300
2024 жылдың 24-мамырында Алматы мемлекеттік табиғи қорығының директоры, директордың орынбасары және зертханашы негізгі нәтижелер мен бірлескен өндірісті талқылау БҰҰДБ ЖЭҚ жобасын жабу жөніндегі жол картасы (Стратегиясы) бойынша өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.
- Толығырық
- Автор: Super User
- Көру саны: 302
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, «Талғар қаласындағы облыстық мектеп-интернаты» оқушыларымен «Туған жер-тұғырлы мекенім» атты суретшілер байқауын өткізді. Байқау кезінде оқушылар суретшілік қабілеттерін көрсетіп, қорықтың көркем жерін суретке салды
- Толығырық
- Автор: Super User
- Көру саны: 368
ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері қатысуымен 2024 жылдың 15-17 мамыр аралығында «Бірыңғай денсаулық» ТЖТ отырысының шешімін іске асыру шеңберінде 3 сектор мамандары арасында «Бірыңғай денсаулық» оқу бағдарламасы бойынша тренинг өткізілді.
- Толығырық
- Автор: Super User
- Көру саны: 284
2024 жылдың 14-16 мамыр аралығында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары Сайлауханұлы Аманбол және Ізтелеу Жәнібек ғылыми жұмыстарымен Орта Талғар шатқалына барды.
- Толығырық
- Автор: Super User
- Көру саны: 286
Кең байтақ еліміздің әсем табиғатының бірі, Алатаудың ажары - Алматы мемлекеттік табиғи қорығы Тянь-Шань тау жүйелерінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Алатау таулы алқаптарының табиғи экожүйелерін қорғау, сақтап қалу және қалпына келтіру мақсатында 1931 жылы 16 мамырда ұйымдастырылды. Ғасырға жуық уақыт ішінде табиғи қорық елімізге табиғат қорғау жолында зор еңбегін сіңірді. Біздің басты мақсатымыз келешек ұрпаққа көркем табиғатымызды сақтап, атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту- бәріміздің қасиетті борышымыз.
- Толығырық
- Автор: Super User
- Көру саны: 322
Таулы жене орман өрттерін сөндіруде мүдделі органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында, 15.05.2024 жылы Талғар ауданы әкімінің орынбасары О.Каспакбаевтың,сондай-ақ Іле Алатау мемлекеттік табиғи паркінің және Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция органдарының, Лидер.kz волонтерлердің қатысуымен Талғар ауданы ТЖБ және Талғар қ. 2-МӨСБ, жедел медициналық жәрдем, Қазақтелеком, Талғар ауданының, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орман алқабындағы өртті жою бойынша мүдделі органдар жұмылдыруымен “Өрт-2024” РКШЖ және оқу- жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығуға 16 бірлік техника мен 120 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, ат патрулі болды. Шартты өртті сөндіру кезіндегі өзара іс-кимыл жоспарына сәйкес тау орманындағы өртті сендіру бойынша іс-қимылдар мен алгоритмдер пысықталды, от тұзағында қалган адамды кұтқару пысықталды, сондай-ақ шартты өрт ошағынын айналасындағы аумақты жырту жургізілді.
- Толығырық
- Автор: Super User
- Көру саны: 295
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту бөлімі қызметкерлері «Парктер шеру 2024» акция аясында өткен, Талғар қаласындағы облыстық мектеп-интернатымен бірлесе «Табиғатты аялайық» акциясын өткізді.
- Толығырық
- Автор: Super User
- Көру саны: 341
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Өрт маусымының басталуына байланысты орман өртін болдырмау және оның алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Орман өрттерін болдырмау және оның алдын алу мақсатында келесідей қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз‼
‼ОРМАНДА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ‼
- Толығырық
- Автор: Super User
- Көру саны: 317
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен бірлесіп Дарын мектебінің оқушыларына «Құстар – біздің досымыз» атты экологиялық іс-шара өткізді. Табиғат қорғаушылар құс үяларын іліп, қауырсынды достарымыз туралы көп жаңа ақпарат білді.
- Толығырық
- Автор: Super User
- Көру саны: 339
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті