Тіліңізді таңдаңыз

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері бірлесіп «Таза өзен жағалауы» экологиялық акциясын Талғар өзенінің бойында ұйымдастырды.

?️Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағы арқылы ағып өтетін Талғар өзені өзінің мөлдірлігімен және тазалығымен ерекшеленеді. Әсіресе, өзеннің төменгі ағысында орналасқан тұрғындар үшін оның маңызы зор, себебі Талғар өзені – олардың негізгі әрі жалғыз ауыз су көзі.

Акция барысында өзен жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, табиғатты қорғауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – су ресурстарының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және жастардың экологиялық мәдениетін арттыру.

Нәтижесінде:

♻️ 1 тонна қоқыс жиналды;

? 200-ге жуық адам қатысып, жоғары белсенділік танытты.