2026 жылдың сәуір айының 8 күні Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен «Парктер шеруі – 2026» халықаралық экологиялық акциясының салтанатты ашылуы жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара барысында Талғар ауданы мектеп оқушыларының атынан 50-ге жуық экологиялық плакаттар арқылы халыққа үнсіз үндеу жолданып, табиғатты қорғаудың маңызы кеңінен насихатталды.
Салтанатты шараға Талғар қаласы әкімдігі, Талғар ауданының білім бөлімі, Талғар аудандық аналар кеңесінің төрайымы, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы, аудан спортшылары және өзге де құрметті қонақтар қатысты.
👥 Қатысушылар саны – 200 адам.
♻️ Акция аясында:
🌱 30-ға жуық қайың көшеті отырғызылды
🧹 1 гектар аумақ тазартылды
🗑️ 0,5 тонна қоқыс жиналды
Бұл игі бастама – Алматы қорығының 95 жылдық тарихын дәріптей отырып, өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды экологиялық қадам болды.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті