Тіліңізді таңдаңыз

Сібір тауешкісі — Алматы мемлекеттік табиғи қорығын мекендейтін ашатұяқты сүтқоректілердің төрт түрінің бірі. Қорық аумағында ол теңіз деңгейінен 1200-ден 4000 метрге дейінгі биіктікте кездеседі.

Жаз мезгілінде тауешкілер биік таулы аймақтарға көтеріліп, құзды және тастақты беткейлерді мекендейді. Қыста қар жамылғысы қалыңдаған кезде қорек іздеп төменгі биіктік белдеулеріне, кейде тау бөктеріне дейін түседі.

Сібір тауешкісі тік жартастар мен құзды беткейлерде еркін қозғалып, биік таулы өңірлердің қатал табиғи жағдайларына жақсы бейімделген.

Кадрлар 2026 жылы Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында орнатылған фототұзақтарға түсірілген.