Тіліңізді таңдаңыз

2000 жылғы 30 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 22 мамыр — Халықаралық биоалуантүрлілік күні болып жарияланды.

Биоалуантүрлілікті сақтап отырған бірегей мекендердің бірі — Алматы мемлекеттік табиғи қорығы.

Қорық аумағында өсімдіктер мен жануарлардың көптеген сирек кездесетін түрлері қорғалып, табиғи экожүйенің тепе-теңдігі сақталуда. Мұнда 960-дан астам өсімдік түрі, сүтқоректілердің 41 түрі және құстардың 177 түрі мекендейді.

Алматы қорығы — табиғаттың бай мұрасын келер ұрпаққа аман жеткізуді мақсат еткен ерекше табиғи аймақ.