2026 жылғы 18–19 маусым күндері Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына арналған «Еуразиядағы тау экожүйелерінің сақталуы мен тұрақты дамуы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Аталған маңызды іс-шараға Алматы мемлекеттік ұлттық табиғи қорығы директорының орынбасары Нурахметов Е.С., ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің биологы Дүйсебаева М.Ж және баспасөз хатшысы Бегежанова Ж.А. қатысты.
Конференция аясында ҒАжМ бөлімінің биологы «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында Сиверс алма ағашының (Malus sieversii Ledeb. M. Roem.) өсуі мен таралу ерекшеліктері» тақырыбында 1-секцияда баяндама оқыды.
Сондай-ақ, 19 маусым күні Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Сиверс алмасы» соқпағының ресми ашылу салтанаты өтті.
Конференция қорытындысы бойынша спикерлер арнайы сертификаттармен марапатталды.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті