2026 жылғы 1 сәуір күні Алматы мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту, ғылым және қорғау бөлімдерінің қызметкерлері №8 мектеп-гимназиясында Халықаралық құстар күніне арналған танымдық экологиялық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында мектеп ауласына құстарға арналған ұялар орнатылып, оқушыларға құстар әлемі, олардың табиғаттағы маңызы және оларды қорғау жолдары туралы қызықты мәліметтер ұсынылды.
Оқушылар өз қолдарымен жасаған құс ұяларын таныстырып, құстар тақырыбына арналған өнерлерін, шығармашылық жұмыстарын және табиғатқа деген қамқор көзқарастарын жоғары деңгейде көрсетті.
Маңызды ақпарат‼️
Құстарға арналған ұяларды орнату барысында ағаштарға бірде-бір шеге қағылған жоқ. Барлық ұяшықтар ағашқа зиян келтірмейтін арнайы жіптердің көмегімен мұқият байланды.
Шара соңында Алматы қорығының қызметкерлері белсенділік танытқан оқушыларды арнайы марапаттармен марапаттады.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті