Тіліңізді таңдаңыз

Жылтыр жанаргүл (Adonis chrysocyathus) – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін реликті өсімдік.

? 2026 жылдың көктемінде Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ғылым бөлімінің қызметкерлері Оң Талғар шатқалында, теңіз деңгейінен 2670 метр биіктікте орналасқан жылтыр жанаргүл популяциясына фенологиялық бақылау жүргізді.

Зерттеу барысында 20×50 метр аумақта әртүрлі жас кезеңіндегі 100-ге жуық дарақ тіркелді.

? Жылтыр жанаргүлдің вегетациясы сәуірдің екінші жартысында басталып, жаппай гүлдеуі мамыр айында өтеді. Бір өсімдіктің гүлдеу ұзақтығы орта есеппен 10–15 күн, ал популяцияның жалпы гүлдеу кезеңі шамамен бір айға созылады.

? Көктемде алғаш гүлдейтін өсімдіктердің бірі ретінде жылтыр жанаргүл алғашқы тозаңдандырушы жәндіктерді нектар және тозаңмен қамтамасыз етіп, табиғи экожүйеде маңызды рөл атқарады.